Тақырып
10. Өндіріс
факторларының
нарығы және
факторлық
табыстардың қалыптасуы
1.Өндіріс
факторларының
нарықтық бағасы
мен өндіріс
факторларының
шекті өнімі.
2.Жалақы
– еңбек
факторының
бағасы
ретінде.
3. Жер
рентасы-жер
иелерінің
факторлық
табысы.
Қазіргі
кезде барлық әлемдік
қауымдастық
елдерінде
жалақының
негізінен
екі жүйесі қолданылады:
мерзімді
және кесімді.
Мерзімді
жалақы нақты
істелген жұмыс
уақытына (бір
сағат, бір тәулік,
бір ай)
байланысты төленеді.
Жұмыскерлердің
еңбегін
нормалау мен
есептеу қиынға
түскен кезде
мерзімді
жалақыны қолданады.
Шығарылған
жеке өнім жұмыскердің
өзіне ғана
емес бүкіл
технологиялық
процеспен
(мысалы,
химиялық тұтқаның
операторы,
ашытқыны шығаратын
оператор т.б.)
байланысты
жеке жұмысшылардың
еңбек нәтижесін
анықтау мүмкін
емес болғанда
мерзімді
жалақы қолданылады.
Мерзімді
жалақы
инженер-техник
жұмыскерлерге,
қызметкер,
краншы,
электрик,
наладчиктер
т.б. төленеді.
Әрбір
жұмысшының еңбегін
жеке-жеке шығарған
өнім санымен
(әрине сапасы
да
ескеріледі) өлшеуге
болатын болса
және жалпы өнім
санын ұлғайту
қажет болғанда
кесімді жалақы
қолданылады. Кесімді
жалақы жұмысшының
шығарған өнім
санына
сапасымен
байланысты төленеді.
Кесімді жалақыда
- әр бірлік өнімге
(белгілі
нормаға)
белгілі баға қойылады,
сол арқылы шығарған
өнім санын бағаға
көбейтеді.
Өнеркәсібі
дамыған
елдерде жалақының
жұмысшының еңбек
өнімділігі
мен
белсенділігін
ынталандыру
мен
жетілдіруге,
олардың шығармашылық
қабілетін
дамыту
барысында жоғарыдағы
екі жүйе түрлерге
бөлінеді.
Мерзімді
жалақы жай
мерзімді және
мерзімді
сыйлықты
болып бөлінеді.
Кесімді
жалақы:
а) тікелей
кесімді; ә)
кесімді-сыйлықты;
б)
кесімді-прогрессивті;
г) ұжымдық-кесімді;
д) аккордтық-кесімді
болып бөлінеді.
Мысалы:
АҚШ-да
тікелей
кесімді жалақы
екі түрленген
түрінде: әрбір
өнім
данасына және
норма жүйесі
бойынша кеңінен
қолданылады.
Жалақыны
ұйымдастырудың
дамыған
елдерде
негізгі үш
типі қолданылады:
Америкалық жалақыны ұйымдастыру
типі жұмыстың
өзін және осы
жұмысты
орындаушыны
бағалауға
негізделген.
Бұл үшін
бастапқы
кезде
тарифтік ставканы
қолданып, оның
ставкасына және
лауазымдық
окладына жұмыс
жағдайы мен
оның нәтижесіне
байланысты өзгерістер
енгізеді.
Жапониялық ұйымдастыру
типінде жалақы
жұмысшылардың
анкеталық көрсеткішіне
негізделіп құрылады.
Жұмысшының
жасы, жынысы,
білім деңгейі,
жұмыс стажы және
жұмыс күшінің
жалдану түрі
ескеріледі.
Батыс
Еуропалық ұйымдастыру
типінде жалақыны
ұйымдастырудың
американдық
та, жапондық
та типтерінің
элементтерін
пайдаланып,
тарифтік және
тарифтан тыс
жағдайлармен
жалақыны анықтайды.
Номиналды
және нақты
жалақыны
ажырата білу
керек.
Номиналды
жалақы ақшаға
шығарып
берілетін
жалақы, оны
жалдамалы қызметкер
күндік,
апталық, айлық
еңбегі үшін
алады.
Номиналды
жалақының мөлшеріне
қарай жалақы
дәрежесі
туралы түсінік
алуға болады,
алайда ол тұтыну
мен халық тұрмысының
дәрежесін
толық
сипаттай
алмайды. Ол үшін
нақты жалақыны
білу қажет.
Нақты жалақы
жұмысшының күнелтуіне
қажетті
заттарға шағылған
жалақысы, яғни
жұмысшының
тапқан ақшасына
өзі үшін,
отбасы үшін қанша
және қандай күнкөріс
заттарын
сатып алуға
болатынын көрсетеді.
Нақты жалақының
дәрежесі
тікелей
номиналды
жалақыға және
тұтыну
заттары мен қызмет
көрсету бағасына
тәуелді.
1.
Маркстік
көзқарас.
Пайданың мәні
К. Маркстың
Капиталының III-томында
зерттелген.
Маркстың тұжырымдауынша
пайда қосымша
құнның өзгерген
түрі. Бұл өзгеру
қосымша құнды
өзгермелі
капитал жасағанмен,
ол барлық
авансыланған
тұрақты және өзгермелі
капиталдың
туындысы
ретінде
болады.
Себебі өндіріс
құрал-жабдығының
иесіне жұмыс
күшінің қалай
пайдаланғаны
ғана емес, құрал-жабдықты
қалай тиімді
пайдаланылғаны да қажет.
Сондықтан
пайданың көлемі
(мөлшері)
тауар құны
мен оның өндіріс
шығындарының
айырмасы
ретінде анықталады
(егер тауар құны
бойынша
сатылса).
Ескеретін жәй,
пайданы
тауар өндірушілер
тек тауарды
сатқаннан соң
алады. Сондықтан,
сатылған қосымша
құн ақша түрін
қабылдайды
(ауысады) да,
пайдаға
айналады (өзгереді).
Пайда сатылған
қосымша құн
ретінде болғанымен
соңғысы сұраныс
пен ұсыныстың
әсерінен
ауытқиды.
Міне осы ауытқу
тауар өндірушілер
алатын пайда
мөлшерін анықтап,
оларды кедей
және бай деп
жіктейді, бір
саладан
екінші салаға
капиталдың
ауысуына әкеліп
соқтырады,
жеке пайда
нормасын
орта
пайдамен теңестіріп,
өндіріс бағасын
құрайды, оның
айналасында
нарықтық баға
ауытқиды.
Пайда, қосымша
құн сияқты төленбеген
жұмысшы еңбегінің
нәтижесі,
сондықтан
адамды қанаудың
арқасында
пайда болады.
2.
Қазіргі
экономикалық
ілім көзқарасы.
Олардың көзқарасы
бойынша
пайда, өндіріс
факторларын
(еңбек, жер,
капитал)
пайдаланудың
нәтижесі.
Сондықтан,
пайда және кәсіпкерлік
табыс, кәсіпкерлердің
атқарған қызметтерінің
нәтижесі
ретінде қарастырады.
Осыған
байланысты төмендегідей
анықтамалар
береді:
-
пайда – кәсіпкер
іс-әрекетінің
қызмет ақысы;
-
пайда – кәсіпорынды
басқарудағы
жаңашылдығы,
таланты үшін
төленетін ақысы;
-
пайда –
нарықта өндірушілердің
(сатушылар)
монополиялық
жағдайынан
пайда
болатын
табыс.
Ескеретін
жәй, кәсіпкер
міндетті түрде
пайда алуы
керек, олай
болмаса, ол,
нақты бір өндіріс
саласына ақша
жұмсамайды.
Қарастырылған
екі көзқарастар
да өмір сүруге
құқылы. К.
Маркстың көзқарасындағы
кемшілік –
пайданың мәнін
тікелей жеке
меншікпен,
сонымен
байланысты жұмысшыларды
қанау деңгейімен
байланыстыруы.
Бірақ
практика көрсетіп
отырғандай, мәселе
жеке
меншікте және
төленбеген еңбекте
емес, пайданы
кімдер
пайдаланады,
яғни меншік
пен басқару қатынасында
болса керек.
Екінші
көзқарастың
кемшілігі кәсіпкердің
не үшін пайда
алатынын анықтай
отырып, оның
шығатын көзін
(источник)
анықтамайды.
Белгілі жәй,
пайда нарықта
алынбайды,
себебі бұл
жерде тауар
айналымы: Т-Т.
Бұл жерде түскен
пайда қайта бөлінеді.
Осыған
байланысты
шындыққа жақын
К. Маркстың дәлелдегені;
пайда өндіріс
нәтижесі.
Кәсіпорын
пайдасы
жалпы және
таза болып
екіге бөлінеді.
Жалпы
пайда - кәсіпорынға
түсетін
жалпы өнімнің
бір бөлігі,
ол сан жағынан
сатылған өнімнен
түскен ақшадан
(толық түсім) өзіндік
құнды алып
тастағанға
тең.
Таза
пайда - жалпы
пайдадан
мемлекетке
аударған
пайданы алып
тастағанға
тең (салықтар
және т.б. ). Таза
пайда кәсіпорын
иелігіне қалады
да, шаруашылықтың
ішкі қажеттіліктеріне
жұмсалады.
Пайда
өндіріс
сферасында
жасалады. Өзінің
ерекше
экономикалық түріне
айналым
сферасында
ауысады, атап
айтқанда өндірілген
өнімді сату
процесінде.
Пайда
айналым сферасында
тауар өндірушілер
арасындағы бәсекелік
күрес, сұраныс
пен ұсыныстың
тауар нарығының
конъюктурасына
орай өзгерістеріне
байланысты қалыптасады.
Пайда – кәсіпорынның
мақсаты және қозғаушы
күші. Пайданың
шығар көзі қажетті
өнімнің бір бөлігі
мен қосымша өнім.
Пайда
кәсіпорынның
өндірістік және
коммерциялық
іс-әрекетін қорытындылайтын
негізгі көрсеткіш.
Пайда
категориясын
қарастырғанда
экономикалық
(таза) және
бухгалтерлік
пайданы
ажырата білу қажет.
Бұл ұғымның
пайда болуы,
шығындардың
ішкі және
сыртқы (жоғарыда
айтылған)
болып
шектелуінде.
Экономикалық
(таза) пайда - кәсіпорын
сатқан өнімінен
түскен ақшадан
(толық түсім)
ішкі және
сыртқы шығындар
сомасын (оған
орта пайда да
қосылады)
алып тастағанға
тең. Ал, бухгалтерлік
пайда – кәсіпорын
сатқан өнімнен
түскен ақшадан
сыртқы өндірістік
шығын көлемін
алып тастағанға
тең.
Пайда
кәсіпорын іс-әрекетін
қортындылайтын
синтетикалық
көрсеткіш
ретінде, оған
көп
факторлар әсер
етеді. Сондықтан
пайданың көлемі
мыналарға
байланысты:
1)
Еңбек өнімділігінің
деңгейі. Еңбек
өнімділігі
жоғарылаған
сайын өнім өндіру
және оны сату
көбейеді, өзіндік
құны төмендейді.
Осының бәрі
пайданы көбейтеді.
2)
Өнім өндіруде
материалдық
және еңбек шығындарын
үнемдеу.
Осының нәтижесінде
өндірістегі
материал және
еңбек
сыйымдылығы
төмендейді,
капитал
тиімділігі
артып, пайда көбейеді;
3)
Өндіріс құрылымының
және өндірілген
өнім
ассортиментінің
өзгеруі.
Жалпы өнім құрамында
жоғарғы
пайдалы өнімдерінің
үлесінің жоғары
болуы
пайданы көбейтуге
жағдай
жасайды;
4)
Баға деңгейі.
Шығарылған өнімдерге
бағаның өсуі
алынатын
пайдаға
тікелей
пропорционалды,
ал төмендеуі
кері
пропорционалды;
5)
Авансыланған
капиталдың
жалпы айналым
жылдамдығы. Қызмет
жасап жатқан
капиталдың
айналымын
тездету
негізгі және
айналмалы
капиталды үнемдеуге
немесе шығарылатын
өнім көлемін өсіруге
әкеліп соғады.
Екі жағдай да
пайданы көбейтуге
әкеледі.
6)
Жалпы
пайданың
таза пайда және
мемлекетке
аударуға бөлінуі.
Мемлекетке
жалпы
пайдадан
орынсыз, артық
өндіру таза
пайданы
кемітіп, кәсіпорын
экономикасының
бірқалыпты қызмет
жасау мүмкіншілігін
төмендетеді.
Кәсіпорын
барлық осы бағыттарда
өз пайдасын көбейтуге
тырысады, әрине
олар оның өндірістік
және коммерциялық
іс-әрекеттерінде
позитивтік
маңызы бар.
Пайданың
экономикалық
категория
ретіндегі мәні,
оның төмендегі
үш атқаратын қызметінен
көрініс
табады:
1)
Пайданы өндірістік
және
коммерциялық
іс-әрекеттеріне
қорытынды баға
беру көрсеткіші
ретінде
пайдаланады.
Кәсіпорынның
өндіріс және
айналым
сфераларындағы
іс-әрекетінің
барлық жағы
пайдада көрініс
табады. Бірақ
пайда әмбебап
көрсеткіш
емес. Пайда
категориясының
көп
факторлылығына
байланысты
пайдамен
бірге басқа
да көрсеткіштерді
пайдалану қажет.
2)
Пайда бөлу
қызметін атқарады.
Пайданы қосымша
құнды кәсіпорын
мен
мемлекеттің,
кәсіпорын
мен
салалардың, кәсіпорын
мен оның жұмысшыларының,
өндірістік және
өндірістік
емес
сфералардың
арасында бөлу
және қайта бөлуде
қаражат
рычагы
ретінде
пайдаланады.
3)
Пайда
ынталандыру қызметін
атқарады. Бұл
қызметі кәсіпорынды
және оның жұмысшыларын
экономикалық
ынталандыру
процесіме
байланысты. Кәсіпорында
пайданы
марапаттау қорын
құруға және өндірісті
ұлғайту көзі
ретінде
пайдаланады.
Кәсіпорын
пайдасы
абсолюттік –
ақша түрінде
және салыстырмалы
пайда
нормасы (% - түрінде)
ретінде анықталады.
Пайда
нормасы
пайданың
барлық
авансыланған
капиталға қатынасы
ретінде
пайыз түрінде
есептеледі.
.
Мұнда,
пайда
нормасы;
ақша
түріндегі
пайда;
авансыланған
капитал.
Пайда
нормасы
авансыланған
капиталдың
пайдалылығын
көрсетіп, оны
әрі қарай қалай
пайдалану
жолдарын
сілтейді.
Сонымен, қатар,
пайда жалпы
шығындарға қатынасымен
де
есептеледі. Бұл
жерде өндірісте
жұмсалған шығындардың
пайдалылығын
көрсетеді.
Нарықты
экономика
несиеге
берілген
кез-келген ресурстарға
пайыз түрінде
ақы төлеуді қатаң
талап етеді.
Бірақ
практикада
пайыз қарыз
капиталының
бағасы
ретінде қарастырылады.
Қарыз
капиталы
капитал –
меншік иесі, өзіндік
қозғалыс түрі
бар ерекше
тауар, оның
иесіне өндіріс
саласына қатыспай-ақ
қосымша құнның
бір бөлігін
пайыз түрінде
иемдену мүмкіндігін
береді. Қарыз
берушінің қолында
қарызға
берген
капиталы үшін
төлем қарыз
пайыз түрін қабылдайды.
Қарыз пайызі қосымша
құнның
ерекше
формасы. Өндіріс
немесе сауда қызметін
істеуші
меншік иесі, қарыз
ала отырып, ақша
иесіне алынған
соманың
белгілі бір бөлігін
пайыз түрінде
төлейді. Қарыз пайыз
қосымша құнның
бір бөлігі,
оны кәсіпкерлер
қарыз
берушіге
беруге
міндетті. Қарыз
капиталынан
түскен пайда
екі бөлікке бөлінеді:
капитал
иесінің
иемденетін
процент мен қарыз
алушы
иемденетін кәсіпкерлік
табыс. Қарыз
пайыздің
белгілі дәрежесі
немесе
нормасы бар.
Пайыз
нормасы қарыз
капиталына
алынған
жылдық табыс
сомасының, қарызға
берген
капитал
сомасына қатынасы.
Қарыз
капиталын
пайдаланғаны
үшін төлем
пайыз
нормасы арқылы
көрініс
алады.
Пайыз
нормасы – қарыз
капиталынан
алынған
жылдық
табыстың бүкіл
қарыз
капиталына қатынасымен
өлшенеді.
Егер, қарызға
берген
капиталды 100
мың доллар
деп ұйғарсақ,
ал осыдан
жылдық табыс
6 мың доллар
болады, онда
пайыз
нормасы
пайызға
тең. Қарыз
проценті
белгісіз өлшем,
оның орта
пайда
нормасымен
байланысты
болатыны, соңғысы
ең жоғарғы
шек, әдетте, қарыз
проценті
одан асып кете
алмайды. Бұдан
шығар қорытынды,
пайда
нормасының төмендеу
тенденциясының
орын алуымен,
пайыз
нормасы да төмендейді.
Пайыз
қалай пайда
болады және
не үшін төленеді?
Жаңа
классикалық
теорияның
пайымдауынша
пайыз уақыт үшін
төлем.
Себебі,
игіліктердің
бүгінгі бағасы
мен ертеңгі
бағасында
(келешектегі)
айырмашылық
болады. Оның
себебі, бүгінгі
күнгі
ресурстарға
иелік ету
жеке адамның
тұтыну таңдауын
ұлғайтып қана
қоймайды,
сонымен қатар
болашақта жоғары
табыс мөлшерін
қамтамасыз
ету үшін
шараларды жүзеге
асыру мүмкіндігін
де береді.
Сондықтан, ағымдағы
ресурстарға
иелік етуден
бас тартып
оны қарызға
беріп, оның
орнын
толтыруға
есеп жасайды.
Қарыз алушы
ресурстарды
пайдаланғаны
үшін, яғни
осы
ресурстар
табыс әкелгенге
дейін, сатып
алғаны үшін төлем
төлейді. Демек,
шешім қабылдау
мен табыс алу
арасында
белгілі бір
уақыт өтеді.
Осы уақыт төлем
пайызін құрайды.
Осы себепті
де пайыз қарыз
капиталының
бағасы.
Пайыздің
нарықтық
экономикада
атқаратын қызметі
үлкен. Жаңа
классиктердің
пікірінше:
-
пайыз
капиталды
пайдаланудың
әрқилы
варианттарын
таңдап алудың
маңызды құралы;
-
пайыз
ставкаларын
салыстыру,
ресурстарды
рационалды бөліп,
капиталға ең
пайдалы
жобаларды жүзеге
асыруға мүмкіншілік
жасайды;
-
пайыз
ставкасы ұзақ
мерзімді
жоспарда тұтынуға
деген
бейімділікті
жеңіп, ұқыптылық,
үнемділікке
ынталандырады.
Осылардың
салдарынан
капиталдың қорлануына
қолайлы жағдай
жасайды.
Нарықтық
қатынаста бағаның
тез өзгеріп
отыруына
байланысты, ақшаның
бірдей
сомасы бүгін
және бір
жылдан кейін әрқилы
бағада, сондықтан
осы ақшаны банкке
салуға
болады, ол
бір жылдан
кейін салынған
сома нарықтық
ставканың
пайыз мөлшеріне
ұлғаяды.
Дамыған
несие жүйесінде
банктер ақшаны
көбейту қабілетіне
ие болады.
Осыған мысал
келтірейік
|
Ақша Баз-ның
өсімі |
Банк
резервтерінің
өсімі |
Халыққа
берілетін
банк
несиесінің өсімі |
Халық
қолындағы ақша
өсімі |
Банктегі
салымдар өсімі |
|
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
100 |
10 |
90 |
(90) |
90 |
|
0 |
9 |
81 |
(81) |
81 |
|
0 |
8,1 |
72,9 |
(72,9) |
72,9 |
|
0 |
7,3 |
65,6 |
(65,6) |
65,6 |
|
… |
… |
… |
… |
… |
|
100 |
100 |
900 |
0 |
1000 |
Халық
өз ақшаларын
банктерде сақтайды,
банктер басы
артық
резервтерді ұстамайды,
бірақ банктің
резерв
нормасы 1/10 қатынасына
тең делік.
Егер де халық
табысы 100
шартты
бірлікке өссе,
онда
банктердегі
халық
салымдары қалай
және қаншаға өседі?
Бұл жағдайда
банк
салымдарының
өсімі 10-ға тең
(100-дің 1/10). Демек,
банк 90 шартты
бірлікті қаржыны
халыққа бере
алады. Бұл ақшаны
халық алғаннан
соң, қайтадан
тағы да
банкке
салады. Халыққа
берілетін
банктің үстеме
салымдарының
өсімі 90
шартты
бірліктік қаржыға
тең, оның 9
шартты
бірлігі
банктің
резервін құрайды,
ал 81 шартты
бірлік қаржы
несие түрінде
халыққа
беріледі және
т.с.с. Нәтижесінде,
халыққа
берілетін
несиенің көлемі
900 шартты
бірліктік қаржыны
құрайды, ал
жалпы салымдарының
өсімі 1000
бірліктік қаржыға
жетеді.
Банктің
айналымындағы
ақша
массасының көлемін
неше рет көбейтетіндігін
есептеп шығару
үшін
депозиттік
мультипликатор
(m)
пайдаланылады;
яғни, ол: m=1/r; мұнда
r-банктің
міндетті
резерві және
мұнда ол 10-ға
тең.
Ақша
ұсынымы (Ms) мен ақша
базасы (В)
арасындағы
байланыс
мына теңдеу
арқылы көрсетіледі:
Ms= mВ
Мұнда:
Ms – ақша
ұсынымының өсімі
В – ақша
базасының өсімі.
Коммерциялық
банктердің қызмет
ету мақсаты –
пайданы
иемдену болып
табылады.
Банк
пайдасы
табыстар мен
шығындардың
ара қатынасымен
анықталады.
Банк
пайдасының
нормасы мына
формула
бойынша анықталады:
Банк
пайдасының
Банктің
жалпы
пайдасы –
банк ісін жүргізуге
байланысты
шығын нормасы
= -------------------------------------------------------------------------------------- х 100% Банк
меншігіндегі
капитал
Банк
пайдасы – қарыз
капиталы
иесінің
иемденетін
табысы.
Жылдық
пайызбен
өрнектелген, қарыз
капиталынан
түсетін
табыс – пайыз мөлшері деп
аталады. Ол ұзақ
мерзімді уақытпен
анықталатын
орташа пайыз
мөлшеріне және әр күн
сайын қалыптасатын
нарықтық
пайыз мөлшеріне бөлінеді.
Оған әсер
ететін
факторлар:
а)
капитал көлемі;
ә)
капиталдың өнімділігі;
б)
капиталға сұраным
мен ұсынымның
қатынасы.
Сонымен
бірге, ол өз
кезегінде тағы
да номинал
пайыз мөлшеріне және нақты
пайыз мөлшеріне бөлінеді.
Номинал
пайыз мөлшері
деп
белгілі бір ақша
бірлігінің (
мысалы, теңге
немесе
доллар) бағамы
бойынша
белгіленетін
ставканы
айтады. Нақты
пайыз мөлшері
деп
инфляциямен өзара
сабақтас
байланыста
белгіленетін
ставканы айтады.
Ставкалардың
деңгейі төмендегі
факторларға
байланысты өзгеріп
(мысалы, 7 % - тен 20
%-ке дейін)
отыруы мүмкін:
1.
Тәуекелдік.
Егер борышқордың
қарызды қайтара
алмайтын қаупі
күшейген
кезде, несие
беруші соғұрлым
қарыз
пайызін көтере
түседі.
2.
Мезгілдік.
Ұзақ
мерзімге
арналған қарыздар
қысқа
мерзімге
берілетін қарызбен
салыстырғанда
жоғары пайыз
ставкамен
беріледі:
себебі, ұзақ
мерзімді
несие
берушілер өз
ақшаларын
баламалық
пайдаланудан
бас тартуына
байланысты қаржылай
залалдарға ұшырауы
мүмкін.
3.
Қарыз көлемі. Әдетте,
азғантай мөлшердегі
қарызға
пайыздік
ставка жоғары
болады.
Себебі, көп және
аз қарыздардың
әкімшілік шығындары
бірдей. Басқа
да жағдайлар
- бәсеке салық
салу деңгейі
және т.б.
факторлар әсер
етеді.
Пайыздік
ставканың атқаратын
қызметі зор, өйткені
ол өндіріс деңгейі
мен оның құрлымына
ықпалын
тигізеді, яғни:
1.
Төменгі
пайыздік
ставка
инвестициялардың
өсуіне және өндірістің
ұлғаюына мүмкіндік
жасайды. Жоғары
пайыздік
ставка
инвестицияны
“тұншықтырады”
және өндірісті
тежейді.
2.
Пайыздік
ставка
капиталдың
орнығуына да әсер
етеді. Ол ақшаларды
ең табысты
салаларға шоғырландырады.
Өндіріс
факторларының
бірі – жер және
оның қойнауындағы
байлықтар,
одан
алынатын
табыс рента
деп аталады.
Жерге
тән
ерекшелік:
оның басқа
еркін ұдайы өндірілетін
факторлардан
өзгешелігі,
жер ұсынымы
шектеулі, оның
көлемі тұрақты,
өзгермейді және
оны ұлғайтуға
болмайды. Осыған
орай, жер ұсынымы
икемсіз.
Жер ұсынымының
икемсіз және
шектеулі
болуына
байланысты
ауылшаруашылығында
баға
белгілеу
ерекше
болады.
Қоғамдық
өндіріс бағасы
орташа
немесе жақсы өндіріс
жағдайлары
арқылы емес,
неліктен
нашар жерлер
жағдайымен анықталады
деген сұрақ
туындайды.
Себебі, жер
шектеулі және
қоғамның бүкіл
қажеттіліктерін
орташа және құнарлы
жерлерден
алынатын өнімдер
қанағаттандыра
алмайды. Егер
сұраныс ұсыныстан
басым болса,
онда нарық бағасы
нашар жер
учаскелерінен
алынатын тауарлар
бағасының дәрежесіне
көтеріледі.
Осындай
баршаға ортақ
жағдайды
барлық
экономистер
мақұлдайды,
бірақ басқаша
мәселелер
бойынша әр түрлі
көзқарастар қалыптасқан.
Атап айтқанда
иемдену мен
оны
пайдалану,
жер иелерінің
табыс көзі, ұсыныс
үйлесімділігі,
жер бағасы
т.с.с.
Жер
рентасының
маркстік
концепциясы
табыстың
барлық түрлерінің
көзі қосымша құн
екендігін дәлелдейді.
Демек, жер
рентасы,
пайда мен
пайыз сияқты қосымша
құнның өзгерген
түрі болып
табылады.
Маркстік
теорияның маңызды
қортындысы,
жерге ірі
жеке
меншіктің
жойылуының
керектігін дәлелдеуі.
Осы теорияға
сай жерді
национализациялау
ауыл
шаруашылығында
қоғам көлемінде
тұтас алғанда
өндіргіш күштердің
дамуына даңғыл
жол ашады.
Жерді
иемдену жеке
тұлғаның
немесе заңды
тұлғаның
белгілі бір
жер
учаскесіне құқылығын
мойындау.
Жерге иелік
етуді жер
иесі атқарады.
Жерді
пайдалану заң
негізіне сай
жүргізіледі.
Жер иесі
жерді
пайдаланушы
болуы
міндетті
емес. Өмірде
жерді
иемдену мен
оны
пайдалану көп
жағдайда
бір-бірімен сәйкес
емес. Жерді
иемдену мен
оны
пайдалануды
жеке немесе
заңды тұлғалар
атқарады. К.
Маркстің
“Капиталда”
басшылыққа
алған жүйесі үш
әлеуметтік
топтың өзара қатынасына
негізделген:
жер иелері
жерді иемденуші;
капиталист –
арендатор
немесе фермерлер
– жерді
пайдаланушы;
жалдамалы жұмысшылар
– жер иелері
де, жерді
пайдаланушы
да емес – жұмыскер.
Қазіргі
кездегі нарықтық
экономикасы
дамыған
Батыс
елдерінде
жерге
меншіктің төменгіше
түрлері орын
алуда:
аристократияның
жерге
жекеменшігі
(бұл түрі Ұлыбритания
елінде орын
алған); жерге
буржуазияның
меншігі, кәсіпкерлер
деп аталатын
жекелей жер
иемденуші және
түрлі
кооперацияның
иелігі
(банктер, ірі өнеркәсіп
және
ауылшаруашылық
компаниялар);
жерге
мемлекеттік
меншік; жерге
фермерлік
меншік - жәй
тауар өндірушіліер.
Жер
рентасының
пайда
болуының
басты шартты
жағдайы
жерге деген ұсыныстың
шектеулілігі.
Еңбек пен
капиталға
деген ұсыныстың
қалыптасуында
осындай
шектеулілік
орын алмайды,
өйткені оның
екеуі де
еркін, ұдайы өндіріледі.
Ауылшаруашылығы
өнімдері өндірілетін
жер туралы
былай айта
аламыз: сол
сияқты өндіруші
өнеркәсіп
пен құрылыстың
жер
учаскелері
де дәл
осындай
сипатта.
Жерге деген ұсыныстың
шектеулілігі,
икемділікке
келмеуі ауыл
шаруашылығында
бағаның
ерекше құрылуының
маңызды
себептері
болып
табылады.
Жер
рентасының
екі түрі бар.
Дифференциалды
және
абсолютті
жер рентасы.
Дифференциалдық
рентаның
пайда болуын
мысал арқылы қарастырайық: (1- кесте)
Жер
учаскелері
|
түсімділік
|
Капитал
шығыны
|
Орта
пайда
|
Бүкіл
түсімнің өндірістік
жеке бағасы
|
1-центнер
өнімінің
жеке бағасы
|
Қоғам
өнд.
1 ц. өнімнің
бағасы
|
Бүкіл
өнімнің қоғам.
бағасы
|
Диф.
рента
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
І
– ең төменгі
ІІ
– орташа ІІІ
- жақсы |
3
4 5 |
100
100 100 |
20
20 20 |
120
120 120 |
40
30 24 |
40
40 40 |
120
160 200 |
0
40 80 |
Неліктен
қоғамдық өндіріс
бағасы 40 өлшемге
тең, яғни ең төменгі
(ортада да
емес) жер
учаскесінің
жеке бағасының
дәрежесімен
белгіленген? Өйткені
қоғамдық қажеттілікті
қанағаттандыру
үшін ІІ және
ІІІ жер
учаскелерінің
ауыл
шаруашылық өнімдері
жеткіліксіз,
ондай жерлер
шектеулі.
Егер, белгілі
бір
себептермен
рыноктық баға
орташа (ІІ)
жер
учаскесінің
дәрежесінде
(30 өлшем)
белгіленсе,
арендатор
бір учаскеде ұтылысқа
ұшыраған
болар еді, түскен
бүкіл өнім
сатудан
алары 90 өлшем (3
х 30), тіпті жұмсаған
шығынын да (100 өлшем)
қайтара
алмас еді.
Осы
арендаторлардың
ұтылыс жағдайында
қалуы ең төменгі
жер
учаскесін мүлдем
пайдаланбай
аздырып
жіберуге әкеліп
соғар еді.
Алайда І-ІІІ
жер
учаскелерінің
өнімдері
есебінен
жиынтық сұранысты
қанағаттандыру
мүмкін емес,
баға 30 өлшемге
дейін өсіп,
одан да жоғары
көтеріліп 40 өлшемге
жетер еді.
Осы жағдайда қайтадан
ең төменгі
жер
учаскесін өңдеген
тиімді болып,
жалға беруге
болады.
Сонымен, ауыл
шаруашылығының
бағасында өзіндік
ерекшелік
бар, ол
бойынша
реттеушілік қызметті
орта шығындар
емес, қайта ең
жоғары шығындар
(құнарлығы төменгі
жер учаскесі)
анықтайды.
Дифференциалды
рента өндірістің
қоғамдық бағасы
мен жеке бағасының
айырмасы, 8-бағанадан
5-бағана
деректерін
шегеру
жолымен
алынады: (120 - 120 = 0; 160 - 120 = 40; 220 - 120 = 80). Ең
алдымен
дифференциалды
рента қосымша
пайда ретінде
арендаторға
түседі (нарықта
өнімді сатқаннан
кейін), одан
кейін қосымша
пайда аренда
төлемі
ретінде жер
иесіне көшеді.
1-кестеден
көрініп отырғандай
1-учаскеден
жер иесі ешқандай
рента
алмайды, өйткені
бұл жер ешқандай
қосымша
пайда әкелмейді.
Бір жағынан
жер иесінің
барлығы да
рента алуы
керек, өйткені
жер жеке
меншікте, оны
ешкім де арендаға
тегін
бермейді, ал
екінші жағынан
қарағанда,
арендатор
1-учаскеден
ешқандай қосымша
пайда
алмайды. Бұл
мәселе қандай
шешім табуы
керек? Осы мәселені
шешуге байланысты
ғылыми
айналымға
абсолютті
жер рентасы ұғымы
енді. Осылай
деп аталуы
жер құнарлылығына
қарамастан
барлық
жерден төлем
талап
етіледі.
Абсолютті
жер
рентасының
пайда
болуының
себебі,
біріншіден,
тауар құны
категориясы (c + v + m) мен өндіріс
бағасын (c + v + р) нақты
ажырату
керек;
екіншіден, қол
еңбегінің үлкен
көлемде орын
алуы мен
капиталдың
органикалық құрылымының
(c : V) ауыл
шаруашылығында
өнеркәсіппен
салыстырғанда
төмендігін
ескеру керек;
үшіншіден,
жерге жеке
меншік үстемдігі
өнеркәсіптен
ауыл
шаруашылығына
капиталдың
еркін
ауысуына
кедергі
жасайды. Жер
иесі белгілі
мөлшердегі төлемді
төлемей ауыл
шаруашылығы өндірісін
игеру мақсатымен
капиталдың ауыл
шаруашылығына
өтуіне
болмайды.
Енді
мысал арқылы
абсолюттік
жер
рентасының
пайда болуын қарастырайық
(2- кесте):
|
Капиталдың
100 өлшемінің
орташа
органикалық
құрылымы |
Қосымша
құн мөлшері |
Өнімнің
құны
|
Орташа
пайда
нормасы (%
есебімен)
|
Өндіріс
бағасы |
Құн
мен өндіріс
бағасы
арасындағы
айырма |
Абсолютті
рента |
|
Өнеркәсіпте
80с+20v Ауыл
шаруашылығында
60с+40v |
20 40 |
120 140 |
20 20 |
120 120 |
- 20 |
- 20 |
Кестеден
көрініп тұрғандай,
капиталдың
еркін
ауысуымен
байланысты өнеркәсіпте
бәріне ортақ
пайда
нормасы – 20 %, өнеркәсіптегі
өндіріс бағасы
– 120. Алайда,
ауыл
шаруашылығында
капиталдың
органикалық құрылымы
орташа өнеркәсіппен
салыстырғанда
төмен, ең
бастысы
жерге жеке
меншік
капиталдың
ауысуы – 140>120.
Егер өнеркәсіптен
ауыл
шаруашылығына
капиталдың
еркін ауысуы
орын алатын
болса, ауыл
шаруашылық жұмысшыларының
еңбегімен өндірілген
қосымша құн
салааралық бәсеке
арқылы қайта
бөлініп,
“ортақ қазанға”
түскен болар
еді, нәтижесінде
ауыл
шаруашылығы
тауарларының
құны төмендер
еді де ал өндіріс
бағасы көтерілер
еді.
Сонымен,
абсолюттік
рента – ауыл
шаруашылығы өнімдерінің
құны мен өндірістік
бағасының
айырмасы. К:
Маркс “Құнның
төмендеуіне
жерге жеке
меншіктің
болуы жол
бермейді”
деп дәлелдейді.
Осыдан жерді
–
национализациялау
қажет деген қорытынды
жасалады.
Егер
жер иесі
жерін жалға
тапсырса,
онда жалгер оған
аренда ақысын
төлейді, оның
құрамына жер
рентасы мен
сол жерде
орналасқан құрылыстар
мен қора-қопсыларды
пайдаланғаны
үшін төленетін
төлемдер
кіреді.
Жалгер
болса, ол
шаруашылыққа
жұмсалған өзінің
капиталынан
түсетін орта
пайданы
иемденеді.
Жаңа
классикалық
теориялар бұл
мәселені басқаша
көзқараспен,
яғни
шектеулі шығындар
концепциясы
арқылы түсіндіреді.
Жер
иесі – фермер
болып, өзі
шаруашылықты
жүргізетін
жағдайды қарастырайық.
Осыған
орай
П.
Самульсонның
мысалын
пайдаланайық.

Суретте
жер иесі –
фермердің ең
соңғы
жалдамалы жұмысшының
жалақысының
шектеулі өніммен
теңдескенше
жұмысқа қабылдай
беретіні көрінеді.
Барлық жұмысшылардың
жалақысы ОW.EL. көлемімен
анықталады.
Басқа бөлігі W.DE., яғни
бұл шама жер
рентасының көлемін
сипаттайды.
П.
Самульсон
жер
рентасының мөлшерін
“қалдық әдісімен”,
яғни жалпы
жасалған өнімнен
жиынтық жалақының
мөлшерін
шегеру арқылы
анықтайды.
Енді
фермердің
жері жоқ, оны
арендаға алу
жағдайындағы
рента мөлшерін
анықтайық.
Жаңа
классиктер
кез-келген
факторлардың,
яғни жалақының
пайыз пен
рентаның бағасы
сұраныс пен ұсыныстың
теңгерілу деңгейінде
белгіленеді
деген
принципті жақтайды.

Жер
ұсынымының
икемсіз
екені баршаға
мәлім. Сол
себепті жер ұсынымының
қисығы SQ
вертикальды
сызық болады.
ДД – жерге сұранымның
қисығы. Е нүктесі
– жер
рентасының
учаскелеріне
сұраныс пен ұсыныстың
теңдескен
кездегі жер
рентасының
деңгейі.
Егер
де аренда ақысының
(рентаның) деңгейі
көтерілсе (Е
нүктесінен
жоғары
болса), онда
жер сұранымы
оның ұсынымынан
басым болады.
Мұндай жағдайда
жер иелері
аренда ақысын
(рентаны) қымбаттады.
Демек,
тек Е нүктесінде
жер сұранымы
мен ұсынымының
тепе-теңдігі
орнайды.
Жаңа
классиктердің
Маркстен
ерекшелігі,
оларды рентаны
кім
жасайтыны қызықтырмайды,
керісінше
олар
белгіленген
рентаның деңгейі
қандай
себептерге
байланысты
пайда болғанын
зерттейді. Бұл
мәселені
зерттеу нәтижесінде
екі тұжырым
жасалады:
1)
рентаның
деңгейі жер ұсынымының
икемсіздігіне
тәуелді;
2)
рента деңгейі
түпкілікті өнімнің
сұранысына
тікелей
байланысты.
Мысалы,
бидайға сұраныс
азайса, онда
бидай өсірілетін
жерге де сұраным
төмендейді.
Демек, аренда
ақысының
ставкасы төмендейді.
Осылаша,
бірақ
керісінше
ситуация
болуы мүмкін.
Нарықтық
экономика жағдайында
жер тауарлы
сипат алады,
ол сатып
алынады және
сатылады.
Жерге сұраныс
– өндірістің
басқа
факторлары еңбек
пен капиталға
сұранысындай.
Осымен
байланысты
жер бағасының
қалай анықталатыны маңызды.
Дәстүрлі
маркстік түсінікте
бұл
категорияның
мәні жер бағасын
иррационалды
категория
ретінде сипаттауымен
байланысты.
Жердің құны
жоқ (оған
адам еңбегі жұмсалған
жоқ, адам еңбегінің
жемісі емес,
ол табиғаттың
сыйы) сондықтан,
жер бағасы құнның
ақшалай көрінісі
бола алмайды.
Олай болса,
жер учаскесінің
сатып алу немесе
сату бағасы қалай
анықталады
екен?
Осыған
орай, жер бағасы
екі шамаға , яғни:
1)
Жер иесі
иемденетін
жер
рентасының көлеміне.
2)
Қарыз
процентінің
ставкасына
тікелей
байланысты
болады .
Сонымен,
жер бағасын
мына
формуламен
анықтауға
болады:
![]()
Мысалы,
рента
ретіндегі
жыл сайынғы
табыс 1000
доллар, қарыз
процентінің
ставкасы – 5%, бұл
жағдайда жер
бағасы =
доллар
тең болады.
Бұл
формуладан
жасалатын қорытынды,
көлемінің өсуімен
жер бағасы ұлғаяды
да, ал қарыз
проценттерінің
өсуімен ол төмендейді.
Жер
бағасының қалыпты
жағдайы нарықтық
қатынаста
тауарлар
нарығы мен өндіріс
факторларының
мәнін дұрыс ұғынуға
көмектеседі.
Сұрақтар:
1.Өндіріс
факторлары
мен шекті өнім.
2.Жалақы
және оның түрлері
3.Жер
рентасы-жер
иесінің
табыстық
факторы
ретінде.
Әдебиеттер:
1.
Осипов
М.
Экономикалық
теория
негiздерi.
-Алматы, 2002
2.
Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж.
3.
Экономикалық
теория
негіздері: Оқулық
/ Я.Ә. Әубәкіров
және т.б.
Алматы
«Санат» 1998 ж.
4.
Мәдешев
Б. Нарықтық
экономика
теориясына
кіріспе: Оқу құралы.
Алматы:
Экономика, 1995.